Суббота, 19 апреля, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыс әкімдігінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысты ашқан облыс әкімі Марат Ахметжанов мемлекеттік органдардың басты міндеті азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтіп, өңірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және проблемалық құрылыс нысандары саласында талдау жүргізілгенін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Асхат Оразхан талдау нормативтік базаның жетілдірілмеуіне, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға, процестерді жеткіліксіз цифрландыруға және автоматтандыруға байланысты тәуекелдерді анықтағанын хабарлады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар мен жоспар, сондай-ақ құрылысы ұзаққа созылған 26 сумен жабдықтау, 3 — газбен жабдықтау және 2 — электрмен жабдықтау нысандарын аяқтау үшін Жол картасы әзірленді.

Бюджет қаражатының пайдаланылуы мен жобалардың іске асырылуын бақылау үшін құрылыс, сәулет және қала құрылысы, экономика басқармасы мен Департамент өкілдерінен тұратын комиссия құру ұсынылды.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі жұмыс талқыланды.

Отырысты қорытындылай келе, өңір басшысы салалық басқармалар мен аудан және қала әкімдіктеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...