Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыСыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы Ақмола облысының барлық аудандарында таныстырылды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы Ақмола облысының барлық аудандарында таныстырылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңірдің барлық аудандары мен қалаларының тұрғындарымен көшпелі кездесулерді жүзеге асырды.

Ақпараттық кездесулер құқықтық сауаттылықты арттыруға және жергілікті жерлерде халыққа көмек көрсетуге бағытталған «Заң керуені» акциясы аясында өткізілді. Кең ауқымды акцияға облыс прокуратурасының, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы, облыс өңірлерінің әкімдері, сондай-ақ жұртшылық пен халық қатысты.

Кездесулер барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшылығы Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, еліміздің әрбір өңірі үшін Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді, онда халық пен бизнесті толғандыратын өзекті мәселелердің тізбесі көрсетілген. Ақмола өңірінде ауыл шаруашылығы, жер, экология, жолдар мен инфрақұрылым әлеуметтік маңызды проблемалық салаларға айналды.

Бүгінгі таңда Департамент Тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде бірқатар шаралар қабылдауда, атап айтқанда тақырыптық мониторингтер жүргізілуде, құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленуде, ұсынымдар әзірленуде, азаматтардың құқықтары қорғалады.

Сонымен қатар, осы бағыттағы неғұрлым тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында Департамент басшылығы кездесулерге қатысушыларды белсенді өзара әрекет жасауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыс жүргізуге қатыстырылуға шақырды.

Сондай-ақ, халықтың назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың маңызды нормалары туралы ақпарат жеткізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу жүйесі түсіндірілді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік ведомстволардың басшылары азаматтарды қабылдады, онда тұрғындардың проблемалары тыңдалып, тиісті кеңестер берілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...