Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 4 наурызында сағат 23:45 шамасында «Ерейментау-Астана» автожолында Ерейментау аудандық ПБ қызметкерлері «Газ 33302» автокөлігін тоқтатты.
Түркістан облысының 32 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөліктің салонынан тиісті құжаттары жоқ 15 бас ірі қара малдың еті табылды. Іс материалдары ҚР ӘҚБтК 406-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізушіні жауапқа тарту үшін өңірлік ветеринариялық инспекцияға жіберілді.