Вторник, 22 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамТәуелсіздік құрдастары арасында «Тәуелсіздік барысы» атты облыстық онлайн байқауы өтті

Тәуелсіздік құрдастары арасында «Тәуелсіздік барысы» атты облыстық онлайн байқауы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, шараға облыстың аудандары мен қалаларынан 1991 жылы туған жастар, яғни 30 жастағы 13 үміткер қатысты. Байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жастар арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру, ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

Қатысушылар өздерін таныстырып, жеткен жетістіктері туралы бейнеролик дайындады. Сайыстың соңғы кезеңінде олар болашақтағы мақсат-жоспарларымен бөлісті.

«Еліміз Тәуелсіздік алған жылы туған ұл-қыздар, бүгінгі күні әр саланың қыр-сырын меңгерген маман иелері екенін түсіндім. Бүгінгі байқауға қатысқан Тәуелсіздік құрдастарының ішінде ақын да бар әнші де бар, мұғалім де, әкім де, полиция қызметкері де бар екен. Үміткерлердің барлығы өнерлі, ал жеткен жетістіктерінің өзі бір төбе. Тәуелсіз елімізде осындай білімді де, талантты жастарды көргенде қуанышымда шек болмайды», — деп атап өтті қазылар алқасының мүшесі Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы облыстық оқу әдістемелік кабинетінің әдіскері Жұлдыз Әбілқайырова.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға Көкшетау қаласынан Фариза Асылбекова лайықты деп танылса, екінші орынды Ерейментау ауданынан Ерлан Дәулетұлы, үшінші орынды Жақсы ауданынан Құралай Құдайбергенова иеленді. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айталық, өңірде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған 12000-нан астам шаралар өткізілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...