Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары Владимир Малахов пен облыс прокуратурасының бейінді басқармасының қызметкерлері Аршалы кентінің №2 түзеу мекемесінде сотталғандарды ұстау, құқықтары мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында Астана қаласы бойынша ҚАЖД басшылығының сүйемелдеуімен, қоғамдық-бақылау комиссиясының мүшелері колонияның тұрғын үй-жайларын, сондай-ақ өндірістік объектілерін аралап шықты.
Байланыс құралдарымен және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру зерттелді. Сондай-ақ, сапар барысында сотталғандардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүзеге асырылды.
Прокуратура қызметкерлері мекемелерде азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлеріне қарсы Конвенцияның сақталуына ерекше назар аударды.
Сапар қорытындысы бойынша мекемеде жазаларын өтеп жатқан сотталғандардан құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты өтініштері мен шағымдары түскен жоқ.
Ақмола облысының прокуратурасы.