spot_img
spot_img
10.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысТалапкер ауылы тұрғынының телефонын тартып алған күдіктілер ұсталды

Талапкер ауылы тұрғынының телефонын тартып алған күдіктілер ұсталды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 ақпанда Целиноград ауданының полиция бөліміне Талапкер ауылының 21 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Зардап шегушінің сөзінше, сол күні түнгі сағат 02:40 шамасында Сарыарқа-Құрманғазы көшесінің қиылысында белгісіз адамдар оның Iphone 11 маркалы телефонын күштеп тартып алған. Келтірілген залал сомасы 298 мың теңгені құрады.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талапкер ауылының 18 және 20 жастағы екі тұрғыны, елордалық колледждердің бірінің студенттері анықталып, ұсталды. Белгілі болғандай, түнгі уақытта ауыл ішінде көлікпен келе жатқан күдіктілер зардап шегушіні кезіктіріп, оны ұрған және қымбат гаджетіп тартып алған. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі «тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлел – телефон-тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды»,  – деді ведомстводан

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img