Пятница, 13 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызмет«Talapker» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жаңа оқу маусымы басталды

«Talapker» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жаңа оқу маусымы басталды

Ақмола облысында «Talapker» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жаңа оқу маусымы басталды.

Биылғы жылы бұл мектепке 25 талапкер қабылданды. Олардың ішінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Гуманитарлық-техникалық академияның тәмәмдаушы курс студенттері бар.

Мектептің ашылу салтанаты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде өткізіліп, оған Департамент басшысы Думан Әбілев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының басшысы Белла Газдиева, университеттердің өкілдері, мектеп тыңдаушылары қатысты.

Департамент басшысы Думан Әбілев өзінің құттықтау сөзінде:

«Бұл мектептің миссиясы – мемлекеттік қызметке талантты, сауатты, білімді, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту, оларға мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдыларын игеруге мүмкіндік беру. Сондықтан болашақта түлектер осы мектепте алған білімдерін еліміздің игілігі үшін атқаратын адал еңбек жолында қолданатынына сенеміз!» — деп атап өтті.

Оқыту курстары тәжірибесі мол мемлекеттік қызметшілердің, кәсіби оқытушылардың, сарапшылардың, жастар ұйымдары басшыларының қатысуымен өткізіледі.

2018 жылдан бері Жас мемлекеттік қызметшілер мектебін 299 тыңдаушы тәмәмдап шықты. Тыңдаушылардың бірқатары мемлекеттік органдарда кәсіби тәжірибеден өтті.

Мектеп түлектерінің мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау саласындағы мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарға тағайындалу мысалдары да бар. Мысалы, Шевченко Андрей Олегович мектепті 2020 жылы аяқтады. Бүгінгі таңда ол Ақмола облысы табиғи монополияларды реттеу департаментінде табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарады. Кезінде ол өз мансабын осы мемлекеттік органда бас маман лауазымынан бастаған.

Жазира Тоқтар,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғайды

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты...

Ақкөл ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылады

Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба жүзеге асырылуда – құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 900 басқа арналған жаңа тауарлы сүт ферманың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта...

«Көшпенділер әлемі» этноауылының салтанатты ашылуы өтті

Күні бойы Ақмола облысының мәдени бағдарламасы ұсынылады. Салтанатты шеруде бірліктің нышанына айналған "Тайқазанға" Ақмола облысының делегациясы қатысты, оның құрамында еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, спортшылар,...

Ақмола облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті облыс әкімі орынбасарының, аудандар әкімдері орынбасарларының, облыстық білім, цифрландыру басқармаларының, аудандық білім бөлімдері және бас бухгалтерлердің...

«Астана-Қорғалжын» және «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасының барысына ашық...