Четверг, 24 апреля, 2025
ЖаңалықтарӘлемТрамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті ғасырлар бойы достық әріптестік қатынаста болған көрші Канада елінен бастап, ұзақ жылдар тығыз экономикалық байланыс жасап келе жатқан Батыс елдерімен арадағы байланысқа  сызат түсірер біраз шаралар қабылдады. Ал өткен аптада қабылдаған әлемнің 180 еліне қатысты АҚШ-қа ол елдерден әкелінетін тауарларға 10-30 пайыз мөлшеріндегі салық салу жөніндегі шешімі әлем елдері арасында үлкен дүрбелең туғызуда.

Трамптың аталмыш шешіміне сай ендігі уақытта әлемнің көптеген елдерінен АҚШ-қа әкелінетін тауарларға 10 пайыздан 30 пайызға дейінгі аралықта салық салынады. Бұның өзі АҚШ-қа тауар сатуды тиімсіз етіп, оның қосымша құнын көтеріп жібереді. Импорттық тауарларға қосымша салық салу саясатын америка Трамп қызметіне кіріскен кезден бастап жүргізген еді. Ең алғашқылардың бірі болып іргелес Канада  осы саясаттың  құрбанына айналды. АҚШ-қа тауар шығару тиімсіз болып қалғандықтан, Канада ұзақ жылдардан бері көрші елге экспортқа шығарып келген мұнай өнімдерін жеткізуді тоқтатты. Бұның өзі елдегі жанар-жағар май тапшылығын туғызып отыр.

АҚШ-қа экспортқа тауар шығаруға салық салу шартына Қазақстан да ілікті. Орта Азия елдеріне 10 пайыздық мөлшерде салық салынса, Қазақстанға  салынатын салық мөлшері 27 пайыз болып отыр. Бұның өзі АҚШ-қа тауар сататын компанияларды қиын жағдайға қалдырды. АҚШ Қазақстан үшін ірі сауда әріптес ретінде саналмаса да, елімізде өз өнімдерін АҚШ-қа шығаратын компаниялар бар. Өткен жылы  АҚШ-қа 4 млрд доллардың тауары экспортталған екен. Оның басым бөлігі мұнай өнімдері мен уран қоспасы, сирек кездесетін металдар.

АҚШ президенті бұндай әрекетті еліің ішкі рыногын қорғау мақсатында жасап отыр деп түсіндіреді сарапшылар. Трамптың жоспары бойынша өз өнімдерін АҚШ-қа экспорттайтын компаниялар үшін жоғарғы мөлшерде салық төлеу тиімсіз. Осыған орай, ол компаниялар кәсіпорындарын АҚШ-қа көшіріп, өнімдерін салықсыз тікелей сатуға мүмкіндік алуды көздеуі тиіс. Дегенмен де, қазіргі жай  Трамп ойлағандай болмайтынын көрсетуде. Мәселен, Қытайда жұмыс істейтін американдық Эппл компаниясы басшылығы кәсіпорынды АҚШ-қа көшіру үшін 30 млрд доллар қажет болатынын, бұл жағдайда компания шығаратын Аифон телефондарының бағасы 3,5 мың долларға дейін қымбаттайтынын айтып, оның тиімсіздігін атап өтті. АҚШ-пен ірі сауда әріптестікте жұмыс істейтін Қытай  Трамптың мына саясатына қарсы жауапты қадам жасай бастады. Қазір Қытай АҚШ-тан келетін импорттық өнімдерге салық көлемін белгілеуге дайындалуда. Сондай-ақ, күні кеше АҚШ-қа шығарылатын сирек металдарды экспорттау тоқтатылды. Әлемдегі сирек металдар қорының 80 пайызына ие Қытай АҚШ-тың осы тауарға деген сұранысын түгел жауып келген еді. Электронды және ғарыш құрылғыларына, қорғаныс қаруларын жасауға қолданылатын сирек металдардың жоқтығы АҚШ-тың көптеген кәсіпорындарының жұмысын тоқтатуы мүмкін. Трамптың Украина үкіметіне осы елдегі сирек кездесетін металдарды пайдалану жөнінде шарт жасауды ұсынуы осындай Қытайға тәуелділіктен құтылу шарасы болғандығы белгілі.

Трамп конгресмендермен кездесуінде шетелдерден әкелінетін тауарларға салық салу АҚШ экономикасына қосымша қомақты қаржы түсіретінін, көптеген кәсіпорындардың ашылуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына жағдай жасайтынын айтқан еді. Дегенмен де, қазіргі қалыптасып отырған жағдай Трамптың жоспарының іске аспайтынын аңғартқандай. Қытай, Оңтүстік Корея, Ветнам сияқты елдерде орнығып қалған американдық алпауыт компаниялар АҚШ-қа оралудың тиімсіздігін ашық мәлімдеуде. Смартфон шығарудың көшбасшысы саналатын Эппл компаниясы үшін Қытайда жұмыс істеу өте тиімді. Бұл елдің заңдары инветсорға тиімді шарттар ұсынады және ең бастысы, мұнда арзан жұмыс күші бар. Американдық басқа да ірі компаниялар өз елдеріне қайтуды ойламайтыны белгілі болып қалды. Қосымша салық салуға байланысты АҚШ-қа әкелінетін тауарлардың, оның ішінде халық көп қолданылатын электронды тауарлардың бағасы еселеп өсетін түрі бар. Осыдан қорыққан Трамп билігі электронды тауарларға салынатын салық көлемін азайтып, тіпті салық салынбайтынын мәлімдеді.

Бұл жайдың өзі Трамп билігінің мына қадамды алдын ала ойластырып, нақты жоспарлап алмағандағын анық көрсетіп берді. Алдын ала жоспарланып, нақтыланбаған әрекеттің сәтсіздікпен аяқталып, шығынға батыратыны айтпаса да түсінікті. Бұл қазірдің өзінде анық көріне бастады. АҚШ-тың өз еліне әкелінетін тауарларға қосымша үлкен көлемде салық салу саясаты шошытқан Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея елдері өзара әріптестік қатынас жасауға ниетті екендіктерін білдірді. Бұл үш елдің жалпы ішкі өнімі 40 триллион долларды құрайды. Әлем экономикасында айтулы үлесі бар бұл үш ел бірігетін болса, АҚШ нарығынсыз-ақ өз тірліктерін жасайтыны анық.

АҚШ президентінің әрекетіне жауап ретінде Қытай ол елден алып келген сығымдалған газды алуды тоқтатып, енді оны Австралиядан тасымалдауға шарт жасасты. Осының салдарынан АҚШ сығымдалған газды Қытайға сатудан түсетін 4,5 млрд доллардан қағылды.

Трамп бастаған экономикалық соғыс АҚШ-тың өзіне біраз залалын тигізе бастады. АҚШ экспортқа 3 триллион доллардың өнімін шығраса, сырттан 4 триллион доллардың өнімін алып отырады екен. АҚШ-та шеге, күрек сияқты ұсақ тауарлар мен трикотаж өнімдері шығарылмайды, бәрі шет елдерден, оның ішінде Қытайдан әкелінеді. Ал Қытаймен сауданың тоқтауы АҚШ-тың ішкі рыногында сондай халық көп тұтынатын шаруашылық заттарына деген тапшылықты туғызатыны анық. Ондай заттарды шығаратын кәсіпорындар құруға қыруар қаржы және уақыт қажет болады.

Әлем экономикасынң 4/1 бөлігіне ие болып отырған алпауыт мемлекет АҚШ-тың барша әлемге қарсы экономикалық соғыс жариялауы немен бітеді? Бәрі Трамп ойлағандай болып, кәсіпорындар АҚШ-қа оралып, ел экономикасын серпінді дамыта ма, жоқ керісінше АҚШ оқшау елге айналып, экономикалық дағдарыс құрсауына түсе ме? Оны уақыт көрсетеді. Дегенмен де, Трампты президент етіп сайлаған қарапайым тұрғындар қазірдің өзінде оның саясатының теріс салдарын сезіп, көшеге шығып, наразылықтарын білдіруде.

Демократшылар басым Конгресс Трампқа қарсы екі рет импичмент жариялады, бірақ оны президент етіп сайлаған республикалық партия өкілдері басым болып отырған Сенат импичментті өткізбей тастады. Қазір мына жай анық байқалып отыр: Трамптың ішкі-сыртқы саясаты ол ойлағандай оң нәтиже емес, теріс нәтижесін беруде. Осылай жалғаса берсе, шыдамы таусылған халықтың Трампты мерзімінен бұрын қызметінен кетіруі мүмкін.

Қалкөз Жүсіп.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...