Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарӘлемУкраинада коронавирус жұқтыру бойынша жаңа антирекорд тіркелді

Украинада коронавирус жұқтыру бойынша жаңа антирекорд тіркелді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Украинада коронавирус жұқтыру саны бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Соңғы тәулікте елде вирус жұқтырудың 18 мыңнан астам оқиғасы тіркелді. Тағы 326 пациент қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қызыл» аймақта 11 өңір тұр, соның арасында Киев қаласы да бар. 4 наурызда Украина билігі елде пандемияның үшінші толқыны басталғанын жариялады.

Ауруханалардағы жағдай күрделі, медицина қызметкерлері стационарлық ем қабылдауға мұқтаж адамдардың саны қаңтар айынан бері төрт есе көбейгенін айтуда.

Соңғы екі аптада ауруханаға жатқызылған адамдардың саны күрт өскен. Пандемия басталғалы, Украинада инфекция жұқтырған 31 мың адам қайтыс болды.

Жаппай вакциналау науқаны мұнда бір ай бұрын басталған. Екпені 174 мың украиналық азамат салдыртты, олардың көбі вакцинаның тек бір дозасын ғана алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...