-5.8 C
Kokshetau
-5.8 C
Kokshetau
Дүйсенбі
Наурыз, 20
More

    Ушу саньдадан Қазақстан чемпионатында ақмолалықтар 11 медаль еншіледі

    Ақмолалық спортшылар ушу саньдадан өткен Қазақстан чемпионатында екі алтын, алты күміс және үш қола медаль иеленді.
    Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қаласында балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында ушу саньдадан Қазақстан Чемпионаты өтті. Жарыста ақмолалық жас спортшылар ерекше шеберлігімен көзге түсті.

    «Жарыс қорытындысы бойынша Александра Иванова (48 кг) және Канафия Ая (65 кг) чемпион атанса, Виктор Престель (70 кг), Наталья Иванова (56 кг), Ерсұлтан Ахметжанов (33 кг), Максим Евченко (48 кг), Сабина Умарова (48 кг) және Ирина Горлачёва (45 кг) күміс жүлдегер, ал, Рафхат Қуанышбаев (42 кг), Дамир Әміржанов (39 кг) және Мансур Сұңғатов (52 кг) қол медаль иленді», – дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

    Жас спортшыларды Нариман Әбдрахманов, Қуандық Мұратов, Кенжебек Құрманов және Алмаз Оразов жаттықтырады.

    Соңғы мақалалар

    - Жарнама - spot_imgspot_img

    Тақырып бойынша мақалалар

    Өзге де мақалалар