Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
-0.2 C
Kokshetau
-0 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері талқыланды

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері талқыланды

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Отырыс барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Арман Рахимов облыс халқын толғандыратын және жедел шешімді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелерді айтты. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жылумен және сумен жабдықтау, тазарту құрылыстарын салу және қайта құру, мемлекеттік сатып алу жүйесі, ТКШ мәселелері сүйемелдеуге алынды.

“Бүгінгі таңда азаматтарымызды сапалы сумен және жылумен қамтамасыз ету мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді. Біз бұл салаларды егжей-тегжейлі талдаймыз, бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және бюджет қаражатын ұрлаудың алдын алу маңызды. Біздің жұртшылықпен, БАҚ – пен және азаматтармен бірлескен жұмысымызға түбегейлі мән беріледі», – деп атап өтті Арман Рахимов.

Спикер мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс пен ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелеріне жеке тоқталды. Сонымен қатар, спикер отырысқа қатысушыларды заңнамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ отырыста бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылаудың уәкілетті органы жүргізген қорытындылары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері қаралды.

Соңында өңір басшысы Ермек Маржықпаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын атап өтіп, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылығына сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою, жұмсалатын бюджет қаражатының ұтымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...