ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ә. Омаров Ақмола облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің ұжымында Әдеп кодексінің және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін түсіндіру мақсатында семинар өткізді. Іс-шарада мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтау, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау, сондай-ақ, әлеуметтік желілерді жүргізу, қызметтік автокөлікті пайдалану кезінде жұмыс уақыты режимін сақтау, ойын мекемесіне барудан бас тарту туралы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері көтерілді. Кездесу барысында туындаған сұрақтарға толық жауаптар берілді.