Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыЗаңсыз иемделген активтерді елге қайтару: Сенат заңды мақұлдады

Заңсыз иемделген активтерді елге қайтару: Сенат заңды мақұлдады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемделген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мәліметіне қарағанда, құжат аясында активтерді шығару саласындағы құқық бұзу деректерін анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, активтерді қайтару жөніндегі халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту, қайтарылған қаражатты қоғамның игілігі үшін тиімді пайдалану, экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына, активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау ескерілген.

Заң мынадай негізгі ережелер қарастырылған:

— Заңмен реттелетін құқықтық қатынастар субъектілерін анықтау;

— заңсыз иемденілген активтерді ашу, пайда болуын растау және қайтару тетіктерін регламенттеу;

— заңсыз иемденілген активтерді қайтару рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

— оның өкілеттіктерін айқындай отырып, заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері бойынша комиссия құру;

— заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде беруді ынталандыру;

— активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған жүйелі шаралар қабылдау;

— өз өкілеттіктерін айқындай отырып, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері жөніндегі уәкілетті органды құру;

— өкілеттіктерін айқындай отырып активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды құру;

— қайтарылған активтерді шоғырландыру және Қазақстан халқының

әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін арнаулы мемлекеттік қор мен басқарушы компанияны құру.

Заңда активтерді қайтарудың ерікті немесе мәжбүрлі тәртібі көзделген.

Ерікті қайтару адамдардың өздеріне тиесілі мүлікті мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы келісімдер жасасу арқылы (яғни арнаулы мемлекеттік қорға) өтеусіз беруі жолымен жүзеге асырылады.

Заңды мақұлдау нәтижесінде қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, заңсыз иемденілген және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру, активтерді заңсыз сатып алуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою қамтамасыз етілмек.

Заң аясында азаматтық тәртіпте активті тәркілеудің жаңа институты енгізілді, оны қазіргі кезде шет елдерде кеңінен қолданып келеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бас прокуратураның құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады.

Ол осы саладағы уәкілетті органның функцияларын орындайды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...