Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды.

«Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын байқау.

Үздік атанған аудандық филиалдар халықтың өтініштерін қарау жылдамдығы, тұрғындармен кері байланыс, мәселелерді оң шешу  және азаматтарға құқықтық көмек көрсетудегі белсенділігімен ерекшеленді.

Ақмола облысында  «AMANAT» партиясының 20 аумақтық филиалдары бар. Оның ішінде 1 облыстық, 2 қалалық және 17 аудандық қабылдау бөлмелері күн сайын халықты түрлі мәселелерімен қабылдауда.

Сараптамаға сәйкес, өткен жылы Ақмола облысында 10 284 адам «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өтініш қалдырған. Олардың 62% оң шешімін тапты. Ал қалған 3780 өтінішке заң аясында кеңес беріліп, 176 өтініштің әлі де қарау мерзімі бар. Негізінен тұрғындар бірінші кезекте тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелерімен келуде. 1572 адам әлеуметтік көмек алу үшін, 1341 адам құжаттандыру және тіркеу мәселесімен, 1160 адам жұмысқа орналасу 1044 адам тұрғын үйге мұқтаждық мәселесімен  келген екен.

Облыс, қала, аудан әкімдерінің  орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары, халыққа қызмет көрсетуші ұйымдардың жетекшілері, мәслихат депутаттары тұрақты түрде тоқсанына кемі бір мәрте азаматтарды жеке мәселелері бойынша 2833 қабылдау жүргізген. Ашық қоғам құруда тұрғындар көтерген сауалдарға жауаптар беріліп, мемлекеттік шешімдер қабылдау құзыретіне ие атқарушы органдар халықты толғандырған өзекті мәселелердің оңтайлы шешімдер табуына үлестерін қосуда.

Облыс, аудан орталықтарынан шалғайда жатқан елді мекендер халқының сұраныстарын да аманаттықтар айрықша назарында ұстап отыр. Осы орайда, шалғайда орналасқан елді мекендерде мобильді көшпелі қоғамдық қабылдаулар жиындары өткізіліп, жергілікті тұрғындардың өздері көтеріп жатқан мәселелері бойынша облыс орталығы на ағылмай, ауылға келген жауапты тұлғаларға базыналарын жеткізуге мүмкіндіктер жасалды.

Тұрғындар тұрғын үй, жер мәселелері, сот даулары және әлеуметтік көмек бойынша жиі өтініш білдірген. Бұл мәселелердің шешілуіне партияның «Құқықтық көмек» партиялық жобасы да үлкен үлес қосты.

Халықтың мұң мұқтажын тыңдау және шешу партияның қоғамдық қабылдаулары арқылы үздіксіз жүріп жатыр.

Байқаудың облыстық кезеңінде жеңімпаз деп танылып, республикалық байқауға жолдама алған Аршалы ауданындағы әріптестерімізге құттықтауымызды жеткізе отырып, жүлделі орын алуына тілектестігімізді білдіреміз!

«AMANAT» партиясының

Ақмола облыстық филиалы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...