Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты маусымның 19-да кешкі сағат 20:45-те “Көкшетау-Рузаевка” автожолының 17 шақырымда орын алған.
Анықталғандай, “Фольцваген пассат” көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, “МАЗ” жүк көлігімен бетпе бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі 29 жастағы көкшетаулық оқиға орнында көз жұмған.