Четверг, 13 февраля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаСотЖұмысына салғырт қараған фельшер 3,5 жылға сотталды

Жұмысына салғырт қараған фельшер 3,5 жылға сотталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қосшы қалалық соты абайсызда науқастың денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан, науқасқа дәлелді себептерсіз медициналық көмек көрсетпегені үшін жедел медициналық жәрдем фельдшері «А.»-ға қатысты қылмыстық іс қарады (Қылмыстық кодексінің 320-бабының 2-бөлігі).

Сот үкімді жария етуді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының, Ақмол қосалқы станциясының және Қосшы қаласының емханаларының медицина қызметкерлері ұжымдарының қатысуымен өткізді.

Сотта келесі анықталды. Фельдшер «А.» жүректің ауыруына шағымданған азаматша «У.»-дің үйіне шақыру бойынша келіп, тиісті медициналық көмек көрсетпеген және науқасты ауруханаға жеткізіп, жатқызудан бас тартқан.

Кейін, науқас «У.» медициналық көмек алу үшін ауруханаға өз бетінше баруға мәжбүр болған. Ауруханада оған «Жүректің ишемиялық ауруы. Миокард инфарктісі. Стенттеу. Кардиогенді шок. Клиникалық өлімнен кейінгі жағдай» диагноздары қойылды.

Сотта фельдшер «А.»-ның кінәсі сараптамалардың қорытындыларымен, жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, жедел медициналық жәрдем фельдшеріне пациентті ауруханаға шұғыл жеткізуді көздеген нормативтік құқықтық актілермен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Жаза тағайындауда сот кінәлінің жас болуын, қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын назарға алды.

Сот үкімімен «А.»-ға медициналық қызмет көрсету құқығын айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалды.

Сонымен қатар, сот абайсызда пациенттің денсаулығына ауыр зиян келтіретін жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің медицина саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өрескел бұзушылығына назар аударып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына тиісті шаралар қабылдау үшін жеке қаулы шығарды.
Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы Қосшы қалалық соты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...