Пятница, 13 сентября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерЖақсыЖақсы ауданының дәрігерлері күрделі отаны сәтті жасады

Жақсы ауданының дәрігерлері күрделі отаны сәтті жасады

2024 жылдың 21 тамызында Жақсы аудандық ауруханасында жергілікті дәрігерлер Илизаров аппаратының көмегімен 38 жастағы науқастың сол жақ аяқ сүйегінің ортаңғы бөлігіндегі ашық көпжарылы сынуына ота жасады. Науқас жарақатты баспалдақтан құлаған кезде тұрмыстық жағдайда алған.

«Илизаров аппараты арқылы жасалатын сүйек дистракциялық остеосинтез отасы ұзын түтік тәрізді сүйектердің ашық сынуын емдеудегі әлемдік стандарт. Бұл әдіс науқастың отадан кейінгі күні-ақ белсенділік танытып, ота жасалған аяққа тұруына мүмкіндік береді, ұзақ төсек тартып жатудың алдын алады», — деп атап өтті отаға қатысқан хирургия бөлімінің меңгерушісі Аманжол Нұрмұхаметов.

Ота бір жарым сағатқа созылды. Оны екі хирург — Аманжол Нұрмұхаметов және емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Жанайдар Қажденбеков жүргізді. Илизаров аппаратын қолданудың арқасында науқастың сынған сүйегінің тезірек бітісіп кетуіне қолайлы жағдай жасалады.

Науқас бірнеше күн стационарда болып, кейін амбулаториялық емдеуге ауыстырылады. Айта кету керек, Жақсы аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде экстрамедулярлық остеосинтез, өт жолы тастарына, жарықтарға және геморроидэктомияға қатысты күрделі оталар да жасалады, сондай-ақ тәулік бойы шұғыл хирургиялық және гинекологиялық көмек көрсетіледі.

«Біз хирургиялық базамызды белсенді дамытып жатырмыз және жаңа интрамедулярлық остеосинтез әдісін енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алынуда», — деді Аманжол Нұрмұхаметов.

Соңғы екі айда аурухананың хирургия бөлімінде дәрігерлер 50-ден астам ота жасады, бұл медицина қызметкерлерінің жоғары біліктілігі мен тәжірибесін дәлелдейді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғайды

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты...

Ақкөл ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылады

Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба жүзеге асырылуда – құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 900 басқа арналған жаңа тауарлы сүт ферманың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта...

«Көшпенділер әлемі» этноауылының салтанатты ашылуы өтті

Күні бойы Ақмола облысының мәдени бағдарламасы ұсынылады. Салтанатты шеруде бірліктің нышанына айналған "Тайқазанға" Ақмола облысының делегациясы қатысты, оның құрамында еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, спортшылар,...

Ақмола облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті облыс әкімі орынбасарының, аудандар әкімдері орынбасарларының, облыстық білім, цифрландыру басқармаларының, аудандық білім бөлімдері және бас бухгалтерлердің...

«Астана-Қорғалжын» және «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасының барысына ашық...