Понедельник, 17 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМедицинаЖас маман - еліміздің шамшырағы!

Жас маман — еліміздің шамшырағы!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.

Еліміздің қоғамдық өміріне белсенді түрде араласып, өз ұстанымына берік, түрлі идеялар ұсынып, оларды іске асыруға атсалысып жүрген жастардың еңбектерін үлгі ету мақсатында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ «Жастар — жарқын болашаққа» айдарын бастаған болатын.

Айдарымыздың кезекті кейіпкері — Ақмола облысы​ денсаулық сақтау басқармасының Ана, бала және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы Айжан Төлеуханқызы Құрмаева.

Айжан Төлеуханқызы 2010 жылы Көкшетау қаласының № 1орта мектебін үздік дипломмен аяқтап, сол жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне (Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша)оқуға түседі. Магистратураны да аяқтап, Магистрлік диссертациясын: Қарағанды қаласында «Сальмонеллез ауруының әлеуметтік — эпидемиологиялық ерекшеліктері» тақырыбында сәтті қорғап шықты.

Кейіпкеріміз университет қабырғасында жүріп, тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің үйірме жетекшісі болып жұмыс атқарды. Сонымен қатар, оқу орнының барлық қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, көптеген сайыс – байқаулардың жүлдегері атанады.

Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша 35-тен астам ғылыми мақалардың авторы. Солардың ішіндегі ең ауқымдылары Санкт-Петербург қаласының «Инфектология», «Санкт-Петербург пен Ленинград облысының жұқпалы аурулар дәрігерлерінің қауымдастығы» ғылыми журналдарында жарқы көрді. Жас болса да, білікті маманымыз медицина саласына айтарлықтай өз үлесін қосып жүр.

Бүгінде медицина саласында аянбай еңбек етіп жүрген Айжан Төлеуханқызына қызметте толағай табыс, абырой-бедел, отбасына амандық тілейміз!
Денсаулық сақтау саласында алар асулары көп болсын!

Айгүл Үстембек,
«Қоғамдық даму орталығы» КММ
Ақпараттық – талдау бөлімінің басшысы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...