Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарАйдарсызЖас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері таланттар пулына қабылдануда

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері таланттар пулына қабылдануда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің бірнеше түлектерімен кездесу өткізіп, олардың алдағы уақытқа жоспарларын, мемлекеттік қызметке түсу мәселелерін талқылады. Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің бірқатар түлектері бүгінгі таңда мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істейді.
Кездесу соңында Думан Әбілев түлектерге таланттар пулына қабылданғанын растайтын сертификаттар табыстады.
Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда мектеп түлектері ҚР заңнамасын білуіне және жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өтуде. Аталған тестілеуден сәтті өткеннен кейін олар таланттар пулына қабылданады.
Қазіргі уақытта тағы бірнеше түлек тестілеуден өтуді жалғастыруда. Олар тестілеуді сәтті өткен жағдайда оларға сертификаттар қосымша табысталатын болады.
Департамент жас мемлекеттік қызметшілер мектебі түлектерінің мемлекеттік қызметке орналасуына мониторинг жүргізуді жалғастырады.
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...

163 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...