Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарМаңызды«Zhas Project» жеңімпаздары мемлекеттік грантқа айфон алып, кредитін жапқан

«Zhas Project» жеңімпаздары мемлекеттік грантқа айфон алып, кредитін жапқан

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Zhas Project» жастардың бастамалары мен идеяларын қолдауға арналған мемлекеттік жоба. Жоба жеңімпаздарына мемлекеттік грант, яғни қаржылай сыйақы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Zhas Project» жобасының былтырғы жеңімпаздарына ақша қолма қол берілді. Оның соңы не болды? Біреу айфон алды, беруі кредитін жапты. Шынымды айтсам, жобаның нақты қанша пайызға жүзеге асқанын білмеймін. Бірақ қаржыны өз мақсатына жұмсамау фактілері болды. Біз былтыр болған жайттарды ескере келе, биыл ақшаны қолға бермейміз деген шешімге келдік. Биылғы байқаудың ерекшелігі осы. Яғни жоба авторы сметалық құжатта не қажет екенін көрсетеді. Біз сол сметалық құжаттың негізінде ақшасын төлеп береміз», — деді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ЗТБ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Құрман Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, жоба ұйымдастырушылары жоба грантының бөліп төленетінін айтып отыр.

«Грантты 70/30-ға бөліп төлейміз. Грантты ұтып алған кезде 70 пайызы беріледі. Ол сомаға жобаны жүзеге асыруға қажетті заттар мен құрал-жабдық сатып алынады. Қаржының қалған 30 пайызы жоба іске қосылып, жүзеге асқаннан кейін беріледі. Сол сияқты ол ақша сізге тауар, өнім жеткізушіге тікелей төленеді», — дейді «Қазақстан жастары конресі» қауымдастығы ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Бұған дейін «Zhas Project» жобасының грантына өтінім қабылдаудың жүріп жатқаны туралы хабарлаған едік. Құжат қабылдау 10 тамызға дейін жалғасады. Аталған жобаға Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және Маңғыстау облысының жастары қатыса алады. Айта кетейік, «Zhas Project» жобасы осымен 4-і жыл іске асып келеді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...