spot_img
spot_img
14.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауЖасым 74-те болса да еліміздің азаматы ретінде сайлаудан шет қалуды жөн көрмедім-зейнеткер

Жасым 74-те болса да еліміздің азаматы ретінде сайлаудан шет қалуды жөн көрмедім-зейнеткер

-Жарнама -spot_img

Көкшетау қаласындағы №729 және №730 сайлау учаскелерінде дауыс беру науқаны қызу жүріп жатыр.

№729 сайлау учаскесінде барлығы 2612 сайлаушы тіркелген. Сала учаскесінің төрайымы анар Садвакасованың айтуынша, сағат 12:00 мәлімет бойынша 399 адам өз таңдауын жасап үлгерген, 6 адам үйде дауыс береді.

Оның ішінде 48 адам бірінші рет сайлауға қатысып отыр. Оларға естелік сыйлықтар үлестірілуде. Таңертеннен бері дауыс беруге келгендердің ең жасы үлкені 74 жастағы зейнеткер Наурызбай Әшкеев.

«Жасым 74-те болса да еліміздің азаматы ретінде саяси науқаннан шет қалуды жөн көрмедім. Өйткені, осы сайлау арқылы мемлекетіміздің және өскелең ұрпағымыздың келешегін қалыптастыруға үлес қосамыз», – дейді зейнеткер.

Сонымен бірге, №730 сайлау учаскесінде де келушілердің қарасы көп. Бұл сайлау учаскесінде барлығы 2542 адам тіркелген. Оның 44 алғаш рет сайлауға қатысып отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img