Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамТуризмЖаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам келді

Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам келді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биылғы жылдың 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Бурабайға 450 мыңнан астам адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Жазғы туристік маусымды қорытындылаған «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дирекциясы осылай деп хабарлады.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 8 айында ұлттық парк 650 мыңнан астам қонақты қабылдады. Ал 2023 жылдың 8 айында келушілер саны 550,7 мың адамды құраған болатын.

Бурабай елдік және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралар өтетін орынға айналып келеді, бұл туристерді тартуға және Бурабайдың танымалдығын арттыруға ықпал етеді. «X-Waters Kazakhstan 2024», «Aqbura Bay trail 2024» сынды спорттық іс-шараларға мыңдаған адамның келуі соның айғағы іспеттес.

«Инфрақұрылымды дамыту және экскурсиялық бағдарламаларды кеңейту Қазақстаннан ғана емес, шетелден де демалушыларды тартады.  Жазда саябаққа 8 мыңнан астам шетелдік турист келді. Қонақтардың географиясы бойынша ТОП-5 ел қатарында Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Германия және Қытай бар. АҚШ азаматтары қызығушылық танытып отыр», — деді «Бурабай» МҰТП директорының даму жөніндегі орынбасары Венера Нұғыманова.

Саябақ экологиялық туризмді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жайлы демалу үшін жағдайларды белсенді дамытуда.  Аймақтың табиғатымен жақынырақ танысуға көмектесетін экологиялық соқпақтар мен туристік маршруттар арқылы осы жазда 9 мыңнан астам адамды жүріп өтті.

Жазғы маусымның қорытындысы «Бурабай» ұлттық паркінің Қазақстандағы ішкі туризмнің жетекші бағыттарының бірі ретіндегі позициясы нығая түскенін көрсетіп отыр.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...