«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Акмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Қайратхан мен автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Владимир Кулаков жергілікті және көше-жол желісінің сапасына қатысты кеңес өткізді. Оған аудан әкімдері, олардың орынбасарлары және салалық бөлім басшылары қатысты.
Кеңесте 2024 жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен көше-жол желісін жөндеу жұмыстарының нәтижелері қаралды. Жалпы, биыл 120 жоба жүзеге асырылды. Жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптаумен қамту 100 пайызды құрады. Кездесуде жергілікті жолдарды жөндеудегі мәселелер көтеріліп, олардың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.
Сондай-ақ ведомство басшылары «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК филиалы анықтаған құрылыс материалдары сынамаларының сәйкессіздіктері мен ақауларын жоюға, сондай-ақ жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптаумен қамтуға ерекше назар аударылды.