Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Жетісудың Сарасы - бар қазақтың дарасы»

«Жетісудың Сарасы — бар қазақтың дарасы»

2024 жылдың 23 қыркүйек күні «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде» Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Жетісудың Сарасы — бар қазақтың дарасы» атты Жетісу облысы, Қапал ауданында орналасқан Ақын Сара мемориалды музейі жәдігерлерінен құрылған  жылжымалы көрме ашылды.

Көрме  экспозициясында  Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтарына Сара Тастанбекқызының өмірі мен шығармашылығына байланысты жәдігерлер, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған құжаттар, әдебиет деректер мен мұрағат материалдары, Сара Тастанбекқызының жеке тұтынған заттары: домбыра, іс тігін машинка, қайшы сияқты құнды жәдігерлер, Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы мен ақынның өлеңдері, өскен ортасына байланысты  материалдар ұсынылды.

Іс-шара шымылдығын құттықтау сөзбен Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова ашса, «Ақмола -Тіршілік» ЖШС директоры Жабал Ерғалиев: «Қазақ  әдебиетіне зор үлес қосқан көркем сөздің шешені Сара Тастанбекқызының өмірі мен шығармашылығын, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған мол мұраларын, ғибратты өмір жолдарын барынша насихаттап келе жатқаны музей қызметкерлеріне алғыс білдіріп, Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына орай Ақын Сараның мол мұрасы көрікті Көкшенің төрінде насихатталуы мәдени-рухани тұрғыда үлкен жетістік»,- деп атап өтті.

Іс-шара аясында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов Біржанның «Айтпай» әнін орындаса, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері, «Оқжетпес» дуэтінің  әншісі  Қалиев Қазыбек «Бұрылтай» әнін орындап көрменің сәнін келдірді.

Сонымен қатар, іс-шараға зиялы қауым өкілдері, «Өрлеу»біліктілікті арттыру орталығының ұстаздары, Біржан сал атындағы музыкалық колледж студентері қатысты, Көкшетау қаласының жалпы білім беретін №9 орта мектебінің оқушылары және БАҚ қатысты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді. Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға...

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...