Суббота, 21 декабря, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауы мәресіне жетті

«Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауы мәресіне жетті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысы мәдениет басқармасының Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Ақмола облысының 85 жылдығына, Біржан салдың 190 жылдығына, Балуан Шолақтың 160 жылдығына және Рақымжан Қошқарбаев пен Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауын өткізді.

Байқаудың басты мақсаты — ұлттық тәрбие құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақтың ұлтжандылық сезімін ұштау, ұлттық рухты сіңіру.

Екі кезеңнен тұратын «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауына қатысушылар Ұлы дала серілерінің бойындағы қасиеттерін паш етті.

Аймақтық байқауға Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және Қосшы, Көкшетау қалаларынан 20-30 жас аралығындағы 13 жігіт қатысты.

Қатысушылардың өнерін және шеберліктерін анықтау үшін мәдениет және спорт саласы, зиялы қауым өкілдері арасынан қазылар алқасы құрылып, әділ бағаланды.

«Жігіт сұлтаны» аймақтық байқаудың бас жүлдесін Астаналық Әли Ризабек жеңіп алып 500 000 теңге ақшалай сертификатқа ие болды.

Зеренділік Хамза Айдын «Өнерлі жігіт» номинациясы және 300 000 теңге ақшалай сертификат, Тәттімбек Айбек (Егіндікөл ауданы) «Білекті жігіт» номинациясы және 300 000 теңге ақшалай сертификат, Санах Еркебұлан (Егіндікөл ауданы) «Қайсар жігіт» номинациясы және 300 000 теңге ақшалай сертификат, Красный Яр селосынан Ысқақ Айбек «Жігерлі жігіт» номинациясы және 300 000 теңге ақшалай сертификатқа ие болды.

Қалған қатысушылар ұйымдастыру комитетінің дипломдарымен және 100 000 теңге ақшалай сертификаттармен марапатталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...