Четверг, 13 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамЖолдың сапасы бақылауда

Жолдың сапасы бақылауда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биыл Ақмола облысында жолдарды салу және жөндеу бойынша 120 жоба іске асырылады деп жоспарлануда. Аймақтың көлік инфрақұрылымын жақсарту бастамаларына 60 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жалпы, 550 шақырымнан астам автомобиль жолдары жаңартылатын болады. Бұл ретте жолдарды жөндеу және салу сапасына ерекше назар аударылды.

«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК облыстық филиалына негізгі міндеттер жүктелді. Бұл тек жол құрылысы жұмыстары мен материалдарының сапасын сараптау ғана емес, сондай-ақ автомобиль жолдарының жағдайын диагностикалау, жөндеу жұмыстарына арналған жобалық-сметалық құжаттамаларды ведомстволық сараптау және жергілікті атқарушы органдармен жолдардың сапасын жақсарту бойынша тығыз жұмыс жасау. Биыл «Щучинск-Степняк-Валиханово», «Щучинск-Николаевка», «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» және басқа да автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жобалары жалғасуда. Ол жерлерде филиал инженерлері жол құрылысы материалдарының сапасын сараптаудан өткізіп, асфальтбетон жабындысының өзектік сынамаларын алады.

«Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша бізде 26 нысан бар. Ол жерлерге біз 38 мәрте шығып, тексердік. 96 жол құрылысы материалдарының сынамалары алынды, 92 үлгі біздің зертханамызда сараптамадан өтті. Сондай-ақ аздаған ақаулар мен ескертулер анықталды», — деп филиал директоры Талғат Қайратхан атап өтті.

Сапа тексерісінен аудандық маңызы бар жолдар да өтеді. Ол жерлерде ««Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК инженерлерінің бақылауында 26 нысан бар. Ол жерлерге 42 рет тексеру жасалып, 76 құрылыс материалдарының сынамасы алынды. 55 сынама зертханада сыналды. Кейбіреулеріне қатысты тапсырыс беруші мен мердігерге сәйкессіздіктерді жою туралы хаттар жолданды.

«Ішкі ауылдық жолдар мен елді мекендердің көше-жол желілерінің маңызы зор. Олар бойынша 72 жөндеу жобасы іске асырылып жатыр. Сондықтан инженерлер ол жерлерге 120-дан астам тексеру жұмыстарымен шығып, жол құрылысы материалдарының 220-ға жуық сынамаларын алды. Олардың барлығы сараптамадан өтті. Сонымен қатар, сапаны бақылау шараларына қоғам белсенділері мен жергілікті халықты тартудамыз. Жолдарды жөндеу учаскелеріне шығуларды «Әділдік Жолы» қоғамдық бірлестігінің филиалымен бірге, бей-жай қарамайтын азаматтардың өтініштері бойынша ұйымдастырамыз», — деп Талғат Қайратхан атап өтті.

Жалпы, жол қызметкерлері атап өткендей, техникалық қадағалау тарапынан жол құрылысы жұмыстарының барысын бақылауды күшейту қажет. Дәл сол техникалық қадағалау инженерлері объектіде үнемі болуға тиіс. Оның іске асырылуынан бастап, толық пайдалануға берілгенге дейін және тапсырыс берушіге анықталған ақаулар мен бұзушылықтар туралы уақытылы хабарлап отыруы қажет.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...