Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып келеді. Сонымен қатар, жолшылар колледж студенттерімен де кездесу өткізді.
Оқушылармен кездескен спикерлердің сөзінше, қазіргі таңда жол-құрылыс және көлік салаларына көптеген мамандар қажет және осы жерде орын алған кадр тапшылғы елдің инфрақұрылымдық дамуына, орындалатын жұмыстардың, жобаларды іске асырудың сапасы мен мерзіміне әсер етеді. Сондықтан жол саласына жас және білікті мамандар дайындығына көп көңіл көңіл бөлінуде. ҚР Көлік министрлігінің ұсынысымен былтырдан бері жоғары оқу орындарында «көлік құрылысы» мамандығы бойынша білім гранты бөлінеді. Жолшы мамандығын таңдаған жас түлектерге оқуын бітірген соң екі қолына бір күрек табылады деген сөз.
Кездесу барасында «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының сарапшысы Владимир Щеглов студенттерге жол-құрылыс саласының дамуы, жолшы мамандығының маңыздылығы мен артықшылықтары туралы айтып берді. Онымен қоса ол жол-құрылыс саласында еңгізіп жатқан жаңа технологиялар туралы айтып берді.
«Жол-құрылыс саласы әрқашанда сұранысқа ие. Жалпы, қазір бұл салаға көзқарас өзгеріп жатыр. Бұл жолдардың құрылысы мен жөндеу инфрақұрылымдық дамуда маңызды орынға алып келеді. Мемлекет тарапынан біраз жағдай жасалып, қолдау көрсетіліп жатыр. Мысалы, жыл сайын құрылыс бағытындағы мамандықтарға грант бөлінеді. Біздің ұйымда студенттерге арнайы ақылы практика қарастырылған.», — деп атап өтті Владимир Щеглов.
Филиалда кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарының маңыздылығың атап өтті. Кәсіби бағдарлау жұмыстары әрі қарай жалғаспақ. Осы жылы жолшылар Ақмола облысының барлық 17 ауданы мен 3 қаласында оқу орындарында «2000 мектеп» аясында іс-шаралары жиі өтіп тұрады. Сонымен қатар, жолшылар оқушыларға филиал қабырғасында арнайы «ашық есік» күндерін мен экскурсияларды ұйымдастыруға ниетті.