Жексенбі, Мамыр 5, 2024
4.9 C
Kokshetau
9 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноград«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны ауылдық округтерде өтуде

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны ауылдық округтерде өтуде

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны ауылдық округтерде жалғасуда. Жоба шеңберінде Целиноград ауданының Жаңаесіл және Нұресіл ауылдық округтерінде ауылдардың жетістіктерін көрсету бойынша салтанатты жиналыстар ұйымдастырылды. Оған еңбек ардагерлері, ауылдардың, кенттердің еңбеккерлері, агроөнеркәсіптік кешеннің озаттары қатысты.

Қатысушылар мен қонақтар үшін жергілікті тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмелері, фотогалериялары, жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, тұрғындар ауылдар мен кенттер тарихындағы қызықты оқиғалармен, халықтық қолөнер элементтерімен танысып, жаңа, сапалы ет, сүт және жеміс-көкөніс өнімдерін, бал, кондитерлік өнімдер, көкөніс тұздықтары, жидек джемі және басқа да азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып алды.

Қатысушыларды құттықтай отырып, аудан әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова еңбек ардагерлеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

«Сіздердің еңбектеріңізбен біздің рухани және материалдық байлығымыз жасалды, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы дамыды, тың жерлер игерілді. Сіздер Тәуелсіз Қазақстан халқына еңбектегі батырлықтың, шынайы патриотизмнің, туған жерге деген сүйіспеншіліктің көптеген үлгісін көрсеткен жасампаздардың ұрпағысыздар. Бүгін де сіздер аудан өміріне белсене қатысып, шетте қалмай келесіздер», – деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.

Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласының 40 өкілі, соның ішінде өндіріс озаттары, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...