Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноград«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны ауылдық округтерде өтуде

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны ауылдық округтерде өтуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны ауылдық округтерде жалғасуда. Жоба шеңберінде Целиноград ауданының Жаңаесіл және Нұресіл ауылдық округтерінде ауылдардың жетістіктерін көрсету бойынша салтанатты жиналыстар ұйымдастырылды. Оған еңбек ардагерлері, ауылдардың, кенттердің еңбеккерлері, агроөнеркәсіптік кешеннің озаттары қатысты.

Қатысушылар мен қонақтар үшін жергілікті тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмелері, фотогалериялары, жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, тұрғындар ауылдар мен кенттер тарихындағы қызықты оқиғалармен, халықтық қолөнер элементтерімен танысып, жаңа, сапалы ет, сүт және жеміс-көкөніс өнімдерін, бал, кондитерлік өнімдер, көкөніс тұздықтары, жидек джемі және басқа да азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып алды.

Қатысушыларды құттықтай отырып, аудан әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова еңбек ардагерлеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

«Сіздердің еңбектеріңізбен біздің рухани және материалдық байлығымыз жасалды, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы дамыды, тың жерлер игерілді. Сіздер Тәуелсіз Қазақстан халқына еңбектегі батырлықтың, шынайы патриотизмнің, туған жерге деген сүйіспеншіліктің көптеген үлгісін көрсеткен жасампаздардың ұрпағысыздар. Бүгін де сіздер аудан өміріне белсене қатысып, шетте қалмай келесіздер», — деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.

Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласының 40 өкілі, соның ішінде өндіріс озаттары, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...