Воскресенье, 22 декабря, 2024
ЖаңалықтарҚазақстанЕлордада Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Елордада Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық кешенінің жанындағы алаңда өтіп жатқан жәрмеңкеде өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 420 миллион теңгеге жуық сомаға 500 тоннадан астам өнімін ұсынуда.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 50-ден астам азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағамен сатып алуда. Мысалы, сиыр еті 2000 теңгеден, жұмыртқа 43 теңгеден, картоп 140 теңгеден сатылуда.

Ақмолалық шаруалар жәрмеңкеге барлығы 123 тонна ет және шұжық өнімдерін, 50 тонна сүт және сүт өнімдерін, 8 тонна жаңа балық, 394 мың дана жұмыртқа, 13 тоннадан астам ұн, 164 тонна картоп, 54 тонна көкөніс, 3 тоннадан астам кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін және 3 тонна басқа бакалея өнімдерін әкелді.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықовтың айтуынша, елорда тұрғындары үшін өңірдің өнімі таныс.

«Біздің тауар өндірушілер елорда нарығына өз өнімдерін тұрақты түрде жеткізіп тұрады. Олардың арасында сұраныс жоғары «Гормолзавод» ЖШС және «Родина» ЖШС сүт өнімдері, «Бижан» ЖШС шұжық өнімдері бар. Сондықтан, таңертең жәрмеңкеде халық қарасы көп болды», — деді Ғалымжан Әбдіқалықов.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуде.
Жәрмеңкеге тұрақты келуші Виталий Казанцев қалаған сүйікті тауарын тиімді бағамен сатып алу үшін жәрмеңкеге ерте келген.

«Ақмола облысының өнімі қайталанбас дәмімен танымал. Жыл сайын мен міндетті түрде ет пен май сатып аламын. Бүгін әдейі ерте келдім. Азық-түліктің сапасына өте ризамыз», — деп бөлісті тұрғын.

Айта кетейік, өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елорда нарығына азық-түлікті үздіксіз жеткізіп келеді. Қала тұрғындарының ет пен сүтке деген сұранысы үштен бірге, жұмыртқа бойынша 90 пайызға қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері елорда нарығына шамамен 100 мың тонна сүт өнімдері, 23, 5 мың тонна ет өнімдері, 202 миллион дана жұмыртқа жеткізілді.

Елордада AQMOL мамандандырылған дүкендері жұмыс істейді, онда ақмолалық тауар өндірушілердің өнімдерінің бағасы басқа дүкендерге қарағанда 10-30 пайызға төмен.
Ақмола облысы елордадағы өңірлік жәрмеңкелер циклін аяқтайды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...