Понедельник, 25 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаСотЮвеналды әділетте кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының рөлі талқыланды

Ювеналды әділетте кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының рөлі талқыланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биыл Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылғанына 10 жыл толып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 4 ақпандағы Жарлығымен Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылды.

Соттың негізгі мақсаты – сара жолдан тайған жасөспірімді жазалау немесе жауапкершілікке тарту емес, оны қайта тәрбиелеп, өмірдегі өз орнын табуға көмектесу. Бүгінде заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыс оң нәтиже беруде. Ювеналдық сот балалардың мүддесін қорғауда мол тәжірибе жинақтап, әділдік жүйесінде тың бастамаларға ұйытқы болуда.

«Ювеналды әділетте кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының рөлі» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Серікжан Ғабдулинның, Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсулу Жұматованың, судьялардың, ардагерлер кеңесі, мемлекеттік, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдары, БАҚ өкілдерінің, адвокаттар мен медиаторлардың қатысуымен Көкшетау қаласында «Қоғамдық келісім» Достық үйінде өткізілді.

Соттың 10-жыл құрылғанына арналған іс-шарасында Серікжан Ғабдулин мемлекеттік органдары мен ҮЕҰ өкілдерінің жоғары кәсіби қызметін, ювеналды әділеттіліктің қалыптасуымен дамуына қосқан үлесін атап өтіп, полиция департаментінің аға инспекторы Айнагүл Қуандықоваға, білім басқармасының өкілі Арай Әбеноваға, ювеналды полицияның аға учаскелік инспекторы Айжан Көшкеноваға, «Шанс» орталығының басшысы Әсем Асаиноваға, «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ-нің заңгер-медиаторы Айман Байымбетоваға, қорғаншы және қамқоршы ұйымдарының өкілдері Мария Шелютоға, Айболат Құсайыновқа, Ләззат Мырзахметоваға, Меруерт Жанботиноваға, Татьяна Максимоваға, Жібек Ариповаға, Сабира Тахтауловаға, Нұржан Рахымжановқа, Аяған Жакеновке, Бақыт Исмағамбетоваға, Нұрсұлу Атығаеваға, Гүлжайнат Төлегеноваға Алғыс хаттарды табыстады.

Қатысушыларға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 10 жыл жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова соттың 10 жыл жұмысының қорытындысы бойынша, полиция департаментінің аға инспекторы Айнагүл Қуандықова кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында сотпен өзара іс-қимыл бойынша жүргізетін жұмысы туралы, білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмыстары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Арай Әбенова Татуласу мектеп қызметінің жұмысы туралы, «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің мониторинг және талдау бөлімінің бастығы Әділ Раев медиация институтын дамыту туралы, «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығы мекемесінің басшысы Әсем Асаинова балалар мен отбасы құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимыл жасау туралы, «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ-нің өкілі Айман Байымбетова отбасылық даулар мен жанжалдарды шешудегі өзара іс-қимыл туралы сөз сөйледі.
Іс-шараға қатысушыларға «Болашақ сарайы» тәрбиеленушілердің бейнелеу өнері жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Серікжан Ғабдулин сөз сөйлеуінде бала құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, отбасы, ана мен баланы қолдау Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың құрылуы Қазақстанда ювеналды әділет жүйесі дамуындағы маңызды қадам. Бүгінде ювеналды сот өз тиімділігін дәлелдеп, жоғары деңгейге қол жеткізді. Ювеналды сот қызметі халықаралық сарапшылармен және ШЫҰ елдерімен жоғары бағаланды, ювеналды сот төрелігінің қазақстандық тәжірибесіне оң баға берілді. Ювеналды сот сот төрелігін іске асырудан басқа кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Медиация ювеналды сот үшін ерекше маңызды, медиацияны қолданумен азаматтық істердің өсуі байқалады. 2012-2017 ж.ж. тараптардың татуласуымен істердің 8,2 % қаралды, 2017-2021 ж.ж. — 17,9 %.
Біздің облысымыздың мектептерінде республика бойынша алғашқылардың бірі болып мектеп ішінде балалар, ата-аналар мен ұстаздар арасында даулар бойынша мектептегі татуласу жөнінде 274 қызмет құрылып, 290 дау шешілді. Балаларды мектеп жасынан дауларды бейбіт жолымен шешуді, сөйлеу білу мен сендіруді үйретеді» — деді Серікжан Ғабдулин.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова өз баяндамасында ювеналды сотында психологтің рөлін атап өтті, бұл бала құқықтарын қорғауда маңызды факторы болып табылады.
А.Жұматова сотта сот отырысы залынан тыс кәмелетке толмағандармен әңгімелесу үшін бала бөлмесі, дауды бейбіт жолымен реттеуге жәрдемдесетін медиация залы құрылғанын атап өтті.

«Мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Сот Аналар кеңесімен, «Шанс» қоғамдық қорымен, «Ана үйі» қорымен, халықаралық медиация орталығымен, пробация қызметімен, білім басқармасымен қиын өмірлік ахуалға тап болған кәмелетке толмағандар мен отбасыларға заң және тәжірибелік көмек көрсету бойынша қызмет атқарады» — деді А.Жұматова.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар балалардың мүдделерін қорғау ісінде бірлескен жұмыстың тиімділігін, сондай-ақ ювеналды әділет жүйесін дамуында кәмелетке толмағандардың мамандандырылған ауданаралық сотының маңызды рөлін атап өтті.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...