Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
17.2 C
Kokshetau
17 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыПТР тестілеуден босату, үй карантинін алып тастау: Қазақстанда шектеу шаралары жеңілдеді

ПТР тестілеуден босату, үй карантинін алып тастау: Қазақстанда шектеу шаралары жеңілдеді

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі шектеу шараларының қалай жеңілдегенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі эпидемиологиялық жағжайға қарай отырып, елдегі шектеу шаралары жеңілдетілді. Оның ішінде бизнес туралы және халық туралы шараларды ерекше айтуға болады. Бизнеске қатысты шараларға келсек, жасыл және сары аймақта ASHYQ жүйесінде жасыл және көк мәртебесі бар адамдарға бизнес нысандарына кіруге рұқсат етілді. Ал қызыл аймақта – бизнес нысандарының толуын 70 пайызға дейін шектеу салынады, дегенмен балалардың ойын-сауық орталықтарында бұл шектеу алынып тасталды», – деді Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ ұйымдастырған онлайн дәрісте.

Сонымен бірге, бас мемлекеттік санитар дәрігер ел тұрғындары үшін қандай жеңілдіктер енгізілгенін түсіндірді.

«Ревакцинадан өткен немесе вакцинаның толық курсын алғанына 6 ай аспаса, елге келетін ҚР азаматтары ПТР тестілеу тапсырудан босатылады. Тағы да айта кетерлігі, коронавирус науқасымен жақын қарым-қатынаста болған адамдардан КВИ ауыр белгілері анықталмаса, оларға үй карантині мен оқшаулау алынып тасталды», – деді А. Есмағамбетова.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Стационарда ем алатын науқастар саны – екі есе, амбулаториялық жағдайда ем алатындар – 4 есе азайған.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...