Пятница, 18 апреля, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыПТР тестілеуден босату, үй карантинін алып тастау: Қазақстанда шектеу шаралары жеңілдеді

ПТР тестілеуден босату, үй карантинін алып тастау: Қазақстанда шектеу шаралары жеңілдеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі шектеу шараларының қалай жеңілдегенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі эпидемиологиялық жағжайға қарай отырып, елдегі шектеу шаралары жеңілдетілді. Оның ішінде бизнес туралы және халық туралы шараларды ерекше айтуға болады. Бизнеске қатысты шараларға келсек, жасыл және сары аймақта ASHYQ жүйесінде жасыл және көк мәртебесі бар адамдарға бизнес нысандарына кіруге рұқсат етілді. Ал қызыл аймақта – бизнес нысандарының толуын 70 пайызға дейін шектеу салынады, дегенмен балалардың ойын-сауық орталықтарында бұл шектеу алынып тасталды», — деді Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ ұйымдастырған онлайн дәрісте.

Сонымен бірге, бас мемлекеттік санитар дәрігер ел тұрғындары үшін қандай жеңілдіктер енгізілгенін түсіндірді.

«Ревакцинадан өткен немесе вакцинаның толық курсын алғанына 6 ай аспаса, елге келетін ҚР азаматтары ПТР тестілеу тапсырудан босатылады. Тағы да айта кетерлігі, коронавирус науқасымен жақын қарым-қатынаста болған адамдардан КВИ ауыр белгілері анықталмаса, оларға үй карантині мен оқшаулау алынып тасталды», — деді А. Есмағамбетова.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Стационарда ем алатын науқастар саны — екі есе, амбулаториялық жағдайда ем алатындар – 4 есе азайған.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...