Сәрсенбі, Мамыр 22, 2024
11.3 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында 320-дан астам квазимемлекеттік сектор ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізді

Ақмола облысында 320-дан астам квазимемлекеттік сектор ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізді

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Antikor оrtalyǵy алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша өңірдің квазимемлекеттік секторының өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Семинар барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға офицері Даниар Каконов бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс квазимемлекеттік компаниялар мен жеке сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және парасаттылық қағидаттарын қамтамасыз етудің заманауи құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мақсатында бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын құру бекітілді. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде комплаенс-қызметтер жұмысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші рөлін күшейту көзделген. Осы тұрғыда квазимемлекеттік сектор өкілдерін компаниялар мен олардың қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырғым келеді», – деді Д.Каконов.

Кеңесте қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің теориялық және практикалық аспектілері егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Айта кетейік, бүгінгі күні 320-дан астам квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс бойынша мамандар тағайындалды, олардың міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік адалдық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін қорғау.

Комплаенс бойынша жауапты қызметкерлер үшін оқыту тренингтері өткізіледі, өз кезегінде комплаенс-қызметтер ұйымдарда жүргізілетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыс туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты. «Н» азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан...

Жоғалған 15 жасар ақмолалық жасөспірім аман табылды

Биылғы жылдың 20 мамырында Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен аудан тұрғыны жүгінді. Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10.00 шамасында,...

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

2024 жылдың 19 мамырында Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатқан Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси мінген тікұшақ...

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Руфат Бауыржанұлы еңбек...

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...