Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында 320-дан астам квазимемлекеттік сектор ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізді

Ақмола облысында 320-дан астам квазимемлекеттік сектор ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Antikor оrtalyǵy алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша өңірдің квазимемлекеттік секторының өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Семинар барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға офицері Даниар Каконов бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс квазимемлекеттік компаниялар мен жеке сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және парасаттылық қағидаттарын қамтамасыз етудің заманауи құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мақсатында бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын құру бекітілді. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде комплаенс-қызметтер жұмысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші рөлін күшейту көзделген. Осы тұрғыда квазимемлекеттік сектор өкілдерін компаниялар мен олардың қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырғым келеді», — деді Д.Каконов.

Кеңесте қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің теориялық және практикалық аспектілері егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Айта кетейік, бүгінгі күні 320-дан астам квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс бойынша мамандар тағайындалды, олардың міндеті — құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік адалдық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін қорғау.

Комплаенс бойынша жауапты қызметкерлер үшін оқыту тренингтері өткізіледі, өз кезегінде комплаенс-қызметтер ұйымдарда жүргізілетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыс туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...