2022 жылдың 14 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан ПЭТ қалдықтарын әкетуге тыйым салуды. Бұл тыйым салу алты ай бойы қолданыста болады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. «Полиэтилентерефталат қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 27 мамырдағы № 289 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан сыйымдылығы 2 л-ден аспайтын өзге де бөтелкелерді, бөтелкелерді, сауыттар және ұқсас бұйымдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923301090); сыйымдылығы 2 л-ден асатын өзге де бөтелкелерді, бөтелкелерді, сауыттар және ұқсас бұйымдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923309090); пропилен пластмассаларынан жасалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3915901100) әкетуге тыйым салынады (бұйрыққа сілтеме http://zan.gov.kz/client/#!/doc/168396/kaz).
Тыйым салу отандық полимер өнімін өңдеушілерді қолжетімді шикізатпен, яғни ПЭТ (полиэтилентерефталат) қалдықтармен қамтамасыз ету мақсатында, өндіріс көлемін ұлғайту және ішкі нарықта құнын төмендету мақсатында енгізілген.
Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады.
Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.