Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыАлаяқтық жасағаны және қаржы пирамидасын  құрған ақмолалық әйел сотталды

Алаяқтық жасағаны және қаржы пирамидасын  құрған ақмолалық әйел сотталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының үкімімен «Рахимбек Консалтинг» ЖШС-нің директоры азаматша «Д» Қылмыстық кодекстің       190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 6 жыл мерзімге айыра отырып, жазасын  орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеуменен, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға сотталды. Жәбірленушілердің материалдық залалын өтеу туралы талап арыздары қанағаттандырылды.

Сотта анықталғандай, азаматша «Д» Көкшетау қаласында қаржы пирамидасын ұйымдастырып құрды, жеңілдетілген шарттармен мүлік сатып алу үшін ақшаны тарту арқылы заңсыз табыс алып тұрды. Осы мақсатта азаматша «Д» 2016 жылы «Тиімді тұрғын үй», ал 2017 жылы «MANSUR AUTO» тұтынушы кооперативтерін тіркеді.

2016 жылғы қазан — 2021 жылғы маусым аралығында азаматша «Д» үлескерлерге мүлікті тиімді шарттармен сатып алуға уәде беріп, бұрын жүгінген салымшылардың пайлық жарналарын кейінірек жүгінген салымшылардың пайдасына қайта бөліп отырды. Клиенттерді тарту мақсатында ол «OLX» интернет-сайтында хабарландыру жариялап, билбордтарда жарнама беріп, тұрғын үй мен көлік құралдарын сатып алу бойынша басқа бағдарламалармен салыстырғанда кооперативтердің тиімді бағдарламасы туралы мәлімет таратты. Нәтижесінде оған әртүрлі өңірлердің тұрғындары жүгінді.

Бұдан әрі ол клиенттермен пай және кіру жарнасы туралы жалған келісім-шарт жасады. Үлескерлер кооперативтерден қызығушылық тудыратын мүлікті алуға үміттеніп, келісім-шарттар жасасып, кооперативтің шоттарына ақша аударды.

Шарт жасасу кезінде азаматша «Д» қатысушыларды мүлік 3-6 ай ішінде сатып алынады деп сендірді.

Азаматша «Д» азаматтарға тұрғын үй және өзге де техниканы берем деп сылтауымен олардан ақша қаражатын алып, кейіннен оларды өз қалауы бойынша пайдаланды.

Оның қылмыстық әрекет кезеңінде 22 жәбірленушіге 86,5 млн. теңге жалпы сомаға аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...