Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
3.5 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыАлаяқтық жасағаны және қаржы пирамидасын  құрған ақмолалық әйел сотталды

Алаяқтық жасағаны және қаржы пирамидасын  құрған ақмолалық әйел сотталды

Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының үкімімен «Рахимбек Консалтинг» ЖШС-нің директоры азаматша «Д» Қылмыстық кодекстің       190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 6 жыл мерзімге айыра отырып, жазасын  орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеуменен, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға сотталды. Жәбірленушілердің материалдық залалын өтеу туралы талап арыздары қанағаттандырылды.

Сотта анықталғандай, азаматша «Д» Көкшетау қаласында қаржы пирамидасын ұйымдастырып құрды, жеңілдетілген шарттармен мүлік сатып алу үшін ақшаны тарту арқылы заңсыз табыс алып тұрды. Осы мақсатта азаматша «Д» 2016 жылы «Тиімді тұрғын үй», ал 2017 жылы «MANSUR AUTO» тұтынушы кооперативтерін тіркеді.

2016 жылғы қазан – 2021 жылғы маусым аралығында азаматша «Д» үлескерлерге мүлікті тиімді шарттармен сатып алуға уәде беріп, бұрын жүгінген салымшылардың пайлық жарналарын кейінірек жүгінген салымшылардың пайдасына қайта бөліп отырды. Клиенттерді тарту мақсатында ол «OLX» интернет-сайтында хабарландыру жариялап, билбордтарда жарнама беріп, тұрғын үй мен көлік құралдарын сатып алу бойынша басқа бағдарламалармен салыстырғанда кооперативтердің тиімді бағдарламасы туралы мәлімет таратты. Нәтижесінде оған әртүрлі өңірлердің тұрғындары жүгінді.

Бұдан әрі ол клиенттермен пай және кіру жарнасы туралы жалған келісім-шарт жасады. Үлескерлер кооперативтерден қызығушылық тудыратын мүлікті алуға үміттеніп, келісім-шарттар жасасып, кооперативтің шоттарына ақша аударды.

Шарт жасасу кезінде азаматша «Д» қатысушыларды мүлік 3-6 ай ішінде сатып алынады деп сендірді.

Азаматша «Д» азаматтарға тұрғын үй және өзге де техниканы берем деп сылтауымен олардан ақша қаражатын алып, кейіннен оларды өз қалауы бойынша пайдаланды.

Оның қылмыстық әрекет кезеңінде 22 жәбірленушіге 86,5 млн. теңге жалпы сомаға аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...