Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
6.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарAMANAT"AMANAT" партиясының жаңа саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды

«AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды

Ақмола облысында 271 бастауыш партия ұйымы бар болса, бүгіндері олардың барлығында дерлік партияның жаңа саяси тұғырнамасының жобасы талқыланған жиындар өтті.

Жаңа тұғырнамада «AMANAT» партиясының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен басымдықтары көрініс тапқандықтан, құжаттың көпшілікке таныстырылып, талқыдан өткені дұрыс-ақ «Біз мықты мемлекет болғымыз келеді. Ендеше, партияның тұғырнамасында оған қол жеткізудің барлық алғышарттары көрініс тапқан.

«Әділдік пен ізгілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсібилік әрбір қазақстандықтың талассыз таңдауына, өмір сүру қалыбына айналуы тиіс» деген сөздер жай айтылған емес. «AMANAT» партиясы – халықтың үніне құлақ асатын партия. Саяси құжаттың «Білімді ел» бөлімінде біз тың идеяларға ашық, сыни және креативті ойлай алатын, ізденімпаз, өмірін білім мен кәсіби қабілетін жетілдіруге арнауға дайын азаматтарды тәрбиелеп шығаруымыз қажет делінген. Бұл бағытта партияның Жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар аз емес екенін айту қажет», – деді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, «Білім» бастауыш партия ұйымы 1853 ұстаздың басын біріктіріп отырған ірі ұйымдардың бірі. Ұстаздар қауымы «AMANAT» партиясы сайлаушылардың талаптарын бұлжытпай іске асыратын партия екеніне көздерін жеткізіп отыр. Мәселен, №1 мектеп-гимназиясының директоры Сандуғаш Нұрқанова партияның Жол картасы аясында үш ауысымды оқу жойылғанын айтады.

«Неше жылдан бері біздің мектептің оқушылары үш ауысыммен оқып келген болатын. Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында былтыр 640 орындық қосалқы мектеп ғимараты салынып, екі ауысыммен оқитын болдық. Жалпы, партияның жаңа саяси тұғырнамасымен өз басым танысып шықтым. Құжаттың толықтай мемлекеттік тілде әзірленгені көңілімнен шықты. Үш бөлімнен тұратын тұғырнамада барлығы ескерілген деп ойлаймын. Ол болашаққа деген көзқарасты, даму бағдарларын, қағидаттары мен саяси мақсаттарды қамтиды»,-дейді партия белсендісі.

Айта кетейік, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында биыл облыстағы әлеуметтік сала нысандарының желісі айтарлықтай кеңейтілді. Бюджет қаражаты есебінен үш ауысымды оқытуды жою шеңберінде Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді. 522 орындық 6 балабақша,10 спорт нысаны іске қосылды.Саяси тұғырнама кез-келген партияның стратегиялық құжаты. Оның уақыт ағымына сай, сапалы, терең әрі жан-жақты болуы саяси бірлестіктің нәтижелі жұмыс істеуіне тікелей ықпал ететіні сөзсіз.

Сондықтан, саяси тұғырнама жобасын әзірлеу үшін барлық өңірлерден сауалнама және әлеуметтік зерттеулер негізінде ұсыныстар мен пікірлер жиналғанын айту керек. Жалпы, құжатты әзірлеу барысындағы әлеуметтік сауалнамаға 43 мыңға жуық партиялас қатысқан. 1 мыңнан аса ұсыныстар қабылданды.

Бүгінде жаңа саяси тұғырнаманы талқылау жиналыстары 38 мыңнан аса партияластың басын біріктіріп отырған өңіріміздегі барлық бастауыш партия ұйымдарында өтуде.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...