Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыЕнді паспорт та цифрлық форматқа ауыстырылатын болды

Енді паспорт та цифрлық форматқа ауыстырылатын болды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстанда паспорт да цифрлық форматқа ауыстырылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телеграм каналда жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цифрлық құжаттар» — eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бүгінгі таңда қажетті құжатыңыздың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы сандық құжатты пайдалану өте ыңғайлы. Цифрлық куәлікті қолдану тиімділігін көрсеткен соң, біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды шештік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді.Әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Мұндай қажеттілік, мысалы, куәліктің жоғалуы немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін», — деді министр.
Айта кетсек, бүгінгі күні паспорттан басқа ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілді – бұл жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, туу және неке туралы куәлік және тағы басқа құжаттар.
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...