spot_img
spot_img
10.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыЕнді паспорт та цифрлық форматқа ауыстырылатын болды

Енді паспорт та цифрлық форматқа ауыстырылатын болды

-Жарнама -spot_img

Қазақстанда паспорт да цифрлық форматқа ауыстырылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телеграм каналда жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цифрлық құжаттар» – eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бүгінгі таңда қажетті құжатыңыздың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы сандық құжатты пайдалану өте ыңғайлы. Цифрлық куәлікті қолдану тиімділігін көрсеткен соң, біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды шештік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді.Әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Мұндай қажеттілік, мысалы, куәліктің жоғалуы немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін», – деді министр.
Айта кетсек, бүгінгі күні паспорттан басқа ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілді – бұл жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, туу және неке туралы куәлік және тағы басқа құжаттар.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img