Воскресенье, 22 декабря, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыКейінгі кезде интернет сапасы неге нашарлап кетті – министрдің түсініктемесі

Кейінгі кезде интернет сапасы неге нашарлап кетті – министрдің түсініктемесі

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізде интернет сапасы не себепті нашарлағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернет сапасы төмен деген шағымдар көп. Оны біз мойындаймыз! Бірақ кейбір факторларға тоқталғым келіп отыр. Қазіргі уақытта цифрлық экономиканың, ойын-сауық (TikTok, Youtube) контенттің өсуі, бизнестің виртуальды кеңістікке шығуы, яғни экономикалық іс-әрекет платформалық модельге өтуіне орай, интернет траффикті пайдалану қарқыны едәуір өсіп келеді. Пандемия кезінен бастап, бұл көрсеткіш 800 петабайтқа жетті», — деді Б. Мусин Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Халықаралық телекоммуникация одағының (ITU) мәліметі бойынша былтыр бүкіл әлем бойынша интернет пайдаланатын адамдардың саны 4,9 миллиардтан асты. Ал дәл осы уақыттта елімізде интернет пайдаланушылардың саны 90,9 пайызды құрады.

«Интернет пайдаланатындардың саны ғана емес, сонымен бірге олардың ғаламторға кіріп отыратын уақыты да өсіп келеді. Аталған факторлар байланыс инфрақұрылымына түсетін салмақтың артуына басты себеп болып тұр. Біз базалық станцияларды көбейту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өз кезегінде бүкіл әлемде ұялы байланыстың дамуына бұрыннан кедергі болған радиофобия проблемасын атап өту қажет. Біздің мемлекетте де осындай топтардың базалық станцияларды демонтаждау салдарынан байланыс сапасының күрт төмендеуіне себеп болды. Яғни, бұл мәселені түбегейлі шешпей, байланыс сапасын жақсарту мүмкін емес. Атап айтқанда, тұрғындар базалық станция денсаулыққа зиян келтіреді деп шағымданады. Осыдан кейін операторлар бұл құрылғыларды басқа жерге орнатуға кіріседі. Осы кезде базалық станцияның жұмысы тоқтап, байланыс сапасы төмендейді. Бұл өз кезегінде басқа үйлерде тұрған базалық станцияларға қосымша жүктеме түсіреді», — деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бағдат Мусин сапасыз байланыс пен интернет үшін операторлар қомақты сомада айыппұл төлеп жатқанын айтты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...