Сенбі, Сәуір 27, 2024
6.8 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыКейінгі кезде интернет сапасы неге нашарлап кетті – министрдің түсініктемесі

Кейінгі кезде интернет сапасы неге нашарлап кетті – министрдің түсініктемесі

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізде интернет сапасы не себепті нашарлағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернет сапасы төмен деген шағымдар көп. Оны біз мойындаймыз! Бірақ кейбір факторларға тоқталғым келіп отыр. Қазіргі уақытта цифрлық экономиканың, ойын-сауық (TikTok, Youtube) контенттің өсуі, бизнестің виртуальды кеңістікке шығуы, яғни экономикалық іс-әрекет платформалық модельге өтуіне орай, интернет траффикті пайдалану қарқыны едәуір өсіп келеді. Пандемия кезінен бастап, бұл көрсеткіш 800 петабайтқа жетті», – деді Б. Мусин Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Халықаралық телекоммуникация одағының (ITU) мәліметі бойынша былтыр бүкіл әлем бойынша интернет пайдаланатын адамдардың саны 4,9 миллиардтан асты. Ал дәл осы уақыттта елімізде интернет пайдаланушылардың саны 90,9 пайызды құрады.

«Интернет пайдаланатындардың саны ғана емес, сонымен бірге олардың ғаламторға кіріп отыратын уақыты да өсіп келеді. Аталған факторлар байланыс инфрақұрылымына түсетін салмақтың артуына басты себеп болып тұр. Біз базалық станцияларды көбейту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өз кезегінде бүкіл әлемде ұялы байланыстың дамуына бұрыннан кедергі болған радиофобия проблемасын атап өту қажет. Біздің мемлекетте де осындай топтардың базалық станцияларды демонтаждау салдарынан байланыс сапасының күрт төмендеуіне себеп болды. Яғни, бұл мәселені түбегейлі шешпей, байланыс сапасын жақсарту мүмкін емес. Атап айтқанда, тұрғындар базалық станция денсаулыққа зиян келтіреді деп шағымданады. Осыдан кейін операторлар бұл құрылғыларды басқа жерге орнатуға кіріседі. Осы кезде базалық станцияның жұмысы тоқтап, байланыс сапасы төмендейді. Бұл өз кезегінде басқа үйлерде тұрған базалық станцияларға қосымша жүктеме түсіреді», – деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бағдат Мусин сапасыз байланыс пен интернет үшін операторлар қомақты сомада айыппұл төлеп жатқанын айтты.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...