Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері талқыланды

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері талқыланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Отырыс барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Арман Рахимов облыс халқын толғандыратын және жедел шешімді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелерді айтты. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жылумен және сумен жабдықтау, тазарту құрылыстарын салу және қайта құру, мемлекеттік сатып алу жүйесі, ТКШ мәселелері сүйемелдеуге алынды.

“Бүгінгі таңда азаматтарымызды сапалы сумен және жылумен қамтамасыз ету мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді. Біз бұл салаларды егжей-тегжейлі талдаймыз, бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және бюджет қаражатын ұрлаудың алдын алу маңызды. Біздің жұртшылықпен, БАҚ — пен және азаматтармен бірлескен жұмысымызға түбегейлі мән беріледі», — деп атап өтті Арман Рахимов.

Спикер мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс пен ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелеріне жеке тоқталды. Сонымен қатар, спикер отырысқа қатысушыларды заңнамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ отырыста бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылаудың уәкілетті органы жүргізген қорытындылары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері қаралды.

Соңында өңір басшысы Ермек Маржықпаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын атап өтіп, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылығына сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою, жұмсалатын бюджет қаражатының ұтымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...