Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарМаңызды2030 жылға қарай трендте болатын ТОП-7 мамандық аталды

2030 жылға қарай трендте болатын ТОП-7 мамандық аталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеев 2030 жылға қарай трендте болатын ТОП-7 мамандықты атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«World Economic Forum 2025-2030 жылдары сұранысқа ие болатын ТОП-7 мамандықты атады. Солардың ішінде бұрын болмаған екі кәсіптің бірігуінен туындаған ІТ-дәрігер деген мамандық шығып жатыр. Бұрын блогерлер, SMM-менеджерлер дейтін едік. Оларды ешкім оқытпайтын да. Қазір солардың басын біріктіретін «тренд бақылаушысы» деген кәдімгі кәсіби бағыт дамып келе жатыр. «Биоинженер», «деректер талдаушысы» немесе «data-аналитик» деген мамандықтар сұранысқа ие болмақ. «Урбаинст-экологтарға» да сұраныс артып келеді. Бұрын тек архитекторлар жұмыс істесе, қазір экологияны бірге алып жүретін гибрид мамандық пайда болды. «Жоба менеджері», «жасанды интелект және машиналық оқыту саласындағы маман» деген сияқты жаңа-жаңа бағыттар дамиды», — деді ол.

Сарапшының айтуынша, бұл мамандықтарға 2025 жылдан кейін мектеп бітіретін оқушылар бағдарлануы керек.

«Әрине, қазіргі түлектерге алдағы 5-10 жылда қандай мамандықтар трендте болатынын жеткізуіміз керек. Сондай-ақ қазір 1 сыныпқа келіп жатқан балаларды да ұмытпауымыз қажет. Оларға кәсіби бағдар бойынша бөлек пән, пән кабинеттері ашылып жатыр. Біз соларға 100-ден астам жойылып келе жатқан мамандықтардың тізімін де қалдырып жүрміз. Сол арқылы олар қай мамандықтың керекті болатынын, қай мамандықтың керексіз болып қалатынын біліп отырады. Оның бәрін ойымыздан шығарып жатқан жоқпыз. Нақты ғылыми деректерге бағынып, қорытынды шығардық», — деді Мұхтар Манкеев.

Фото: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...