Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында колледж директорларына кірістер мен шығыстардың айырмашылығын бақылау туралы айтылды

Ақмола облысында колледж директорларына кірістер мен шығыстардың айырмашылығын бақылау туралы айтылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, Көкшетау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы, Білім басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ өңірдегі колледж директорлары мен педагогтарының қатысуымен онлайн-семинар өтті.

Кездесу барысында Департаменттің превенция басқармасының басшысы Жанат Туралинов қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы түзетулер туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, а.ж. қаңтарда Мемлекет басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген адамдардың, олардың жұбайларының шығыстары мен кірістерінің сәйкестігіне бақылау енгізіледі. Бұл норманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі іргетасы деп атауға болады. Азаматтардың шығыстары олардың заңды кірістерінен негізсіз асып кеткен кезде әкімшілік шаралар қабылдау — айыппұл немесе жұмыстан босату түріндегі мансаптық санкциялар көзделеді. Бұл ретте әрбір жағдайда тұлғаға шығыстардың заңдылығын негіздеу мүмкіндігі берілетін болады. Бұл новеллалар 2027 жылдан бастап халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық көлемде қамтуды ескере отырып қолданысқа енгізіледі.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыруға бағытталған түзетулер де көзделген. Енді бұл азаматтарды ұйымның тәртіптік комиссиясының немесе өзге алқалы органының ұсынымынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға, қызметтен босатуға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды.

Сондай-ақ, ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша кешенді жұмыс жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметін жетілдіру бойынша түзетулер енгізілді. Агенттікке квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-қызметтердің қызметін үйлестіру және Комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені бекіту бойынша құзыреттер берілген.

Көкшетау қаласының МКБ өкілдері колледж қызметкерлеріне жеке тұлғалардың табыстарын жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу туралы айтып берді.

Сонымен қатар, семинарда Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...