Ағымдағы жылдың наурыз айында Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынының өтініші келіп түсті. Ер адам сағат 00.10 шамасында Красный-Яр кентінде белгісіз біреу үй ауласынан еркін кіру арқылы «Mitsubishi Space Runner» маркалы автокөлікті ұрлап кеткенін хабарлады. Залал сомасы 1 млн.500 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қылмысқа қатысы бар адамды, істің өзге де мән-жайларын анықтауда. Ер адам «нашақор» санаты бойынша есепте тұратыны белгілі. Заттай дәлел, көлік тәркіленді.
Полиция басқармасы ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігіне сәйкес «автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз заңсыз иеленіп алу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сондай-ақ, қаскүнемге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама жасалды.