Криминалдық полиция басқармасы мен полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкеннің мұқият жоспарланған тонауы анықталды, деп хабарлайды Koksheinform тілшісі ҚР ІІМ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетсек, 1 мамыр күні белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ПД басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел – іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
Нәтижесінде елордадаекі күдікті ұсталды.Олар 1977 және 1988 жылы туған Астана қаласының тұрғындары. Заттай дәлелдемелер, ұялы телефондар, байланыс құралдары және ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленді.
Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.