Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша төтенше жағдай 17-ші қазан күні күндізгі сағат 12:30 орын алған.
Өндірістік жұмыстар кезінде кеніштегі топырақ опырылып кетіп, 33 жастағы жұмысшыны басып қалған.
“Кәсіпорын құтқарушылары ер адамды құтқарып, жәдел-жәрдем көлігіне тапсырды. Өкінішке орай, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Ер адам алған ауыр дене жарақатынан аурухананың жан сақтау бөлімшесінде көз жұмды”, — деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде оқиғаның мәнжайы анықталып жатыр.