Бестөбедегі “Қазақалтын” кенішінде жұмысшы опат болды

Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша төтенше жағдай 17-ші қазан күні күндізгі сағат 12:30 орын алған.

Өндірістік жұмыстар кезінде кеніштегі топырақ опырылып кетіп, 33 жастағы жұмысшыны басып қалған.

“Кәсіпорын құтқарушылары ер адамды құтқарып, жәдел-жәрдем көлігіне тапсырды. Өкінішке орай,  дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Ер адам алған ауыр дене жарақатынан аурухананың жан сақтау бөлімшесінде көз жұмды”, – деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде оқиғаның мәнжайы анықталып жатыр.